379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еркін Әбіл: Кезектен тыс президент сайлауын өткізу – әлемдік тәжірибеде бар үрдіс

  • 43
  • UPD: 08:52, 15.04.2019

Кезектен тыс президент сайлауын өткізу – әлемдік тәжірибеде бар үрдіс.

Негізінен мұндай қадам мемлекетшілдік мұраттан туындап жатады. Тұңғыш Президетіміз анықтап берген ауқымды әлеуметтік-экономикалық жобаларды табысты іске асыру үшін биліктің тұрақтылығы қажет. «Әрі әлемдік қауымдастық алдындағы міндеттер тұрғысынан алғанда да бұл сайлаудың маңызы зор, – дейді қостанайлық тарихшы ғалым Еркін Әбіл.

Еркін Әбіл, тарих ғылымдарының докторы, профессор:

– Қазақстан әлем назарында. Қазақстанның саяси жүйесі қалай дамитынын, Қазақстанның экономикасы қандай бағытпен жүретінін бақылап отыр. Сондықтан сайлау – дұрыс шешім.Неғұрлым ашық, әділ, бәсекелі түрде өтсе, соғұрлым экономикамызға, сыртқы және ішкі саясатқа жақсы болады деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы