379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістандық 400 отбасы солтүстікке қоныс аударады

  • 139
  • UPD: 08:10, 15.04.2019
Түркістандық 400 отбасы солтүстікке қоныс аударады

Түркістан облысынан 60-тан астам тұрғын солтүстікті бетке алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың ішінде сонда тұрақтап, жұмыс істеу үшін түбегейлі шешім қабылдаған тұрғындар да бар. Мақсат – өңірмен танысып, жұмыс күші тапшы өңірлерге қоныс аудару. Түркістан облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мамандарының мәліметінше, бағдарлама қатысушыларына тұрғын үйді жалдау мен коммуналдық қызметтері төленеді. Сондай-ақ әрбір отбасы мүшесіне бір реттік 35 АЕК мөлшерінде материалдық көмек беріледі. Жауаптылардың айтуынша, қазір солтүстік өңірлерде 3 мыңнан аса бос жұмыс орны бар. Қоныс аударушылар санының өсіп келе жатқандығын ескерген билік өкілдері тұрғын үй құрылысына да қарқын беріп отыр. Солтүстікке қоныс аудару бағдарламасы іске асқан 3 жыл ішінде оңтүстік өңірден 700-ден асам отбасы көшіп барған. Былтырдың өзінде 500-ге жуық отбасы жұмыс күші тапшы өңірлерге жайғасқан. Айта кетейік, жыл соңына дейін тағы да мың жарымнан аса мүшесі бар 400 отбасы қоныс аударады деп күтілуде. Қазір салаға жауаптылар солтүстікке көш бойынша ауылдық елді мекендерде насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Орынбай Түймебаев, облыс тұрғыны:

– Отбасымызбен сонда тұрамыз. Егін егеміз, бақша саламыз. Егер ұнаса сонда қаламыз. Сіңісіп кетеміз деп ойлаймын. Осы уақытқа дейін диқаншылықпен айналысып келдік. Өзіміздің жеріміз жоқ. Солтүстікте жер береді деген соң Үкіметтің бағдарламасымен кетіп бара жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы