379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарапшы: Қазақстан жаңа бағытта дамуы қажет

  • 57
  • UPD: 08:53, 15.04.2019

«Қазақстан жаңа бағытта дамуы қажет. Жаңа сайланатын президент ғаламдық мәселелерді назарға алуы тиіс», – дейді Қазақстан саяси зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері Леся Қаратаева.

Сарапшының айтуынша, кезектен тыс президент сайлауы ел ішіндегі және әлемдік қауымдастықтағы алаңдаушылық пен екіұдайлықты сейілтеді. Сондықтан сайлауды кейінге қалдырудың қажеті жоқ. Ал қазақстандықтар өздерінің азаматтық құқығын пайдаланып, өздері сенім артатын үміткерге міндетті түрде дауыс беруі керек.

Леся Қаратаева, ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері:

– Кезектен тыс президент сайлауын өткізу билікті ауыстырудың тиімді механизмі ретінде қаралады. Бұл жағдай елдегі бірқатар мәселені шешуге мүмкіндік береді. Нақтырақ айтқанда, президенттік, билікті тапсыру конституциялық нормаларға сәйкес жүргізілгенімен, мемлекет басшысы өз өкілеттілігін толықтай жүзеге асыру үшін халықтың қолдауы қажет.

Хабар 24 телеарнасы