377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбелік мүмкіндігі шектеулі жандар саяси науқанда белсенді болмақ

  • 49
  • UPD: 13:49, 15.04.2019

Ақтөбедегі «Сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау қоры» қоғамдық бірлестігінің мүшелері бас қосып, елдегі жаңалықтарды талқылады.

Бұл бірлестік осыдан 20 жыл бұрын құрылды. Төрайымы Құралай Бәйменова бастаған қайырымды жандар арбаға таңылған мыңдаған адамға қол ұшын берді. Осы жылдар ішінде мүгедектерге арналған 2 көп қабатты үй салынды. Жүріп-тұруы қиын адамдарды тегін тасымалдайтын такси қызметі ашылды. Қоғамдық бірлестік мүшелері оңалту-сауықтыру шараларынан жиі өтіп тұрады. Мүмкіндігі шектеулі жандар алдағы саяси науқанда белсенді болмақшы. Себебі елдің болашағына алаңдайды. Сондай-ақ мүгедектерді қолдау мақсатында атқарылған қыруар істің жалғасқанын қалайды.

Құралай Бәйменова, қоғамдық бірлестік төрайымы:

– Үйден шығуға мүмкіндігі жоқ жандарға жеке көмекшілері сайлау туралы жан-жақты түсіндіреді. Олар кедергісіз дауыс берулері үшін үйлеріне урна алып барады. Менің ойымша, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары өз айналасындағыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізулері керек. Елдің болашағы мен әр адамның тағдыры үшін сайлаудың қаншалықты маңызды екенін айтуымыз керек.

Хабар 24 телеарнасы