384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында 24 сайлау учаскесі ашылды

  • 911
Маңғыстау облысында 24 сайлау учаскесі ашылды

Маңғыстау облысында сайлаушылардың саны артқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы жылдың 1 қаңтарында 393 мың дауыс беруші тіркелген. Бұл соңғы өткен сайлауға қарағанда 650 мың адамға көп. Облыстық сайлау комиссиясының мүшелері мұны ішкі және сыртқы көші-қонның жоғарылауымен байланыстырып отыр. Олар жергілікті атқарушы органдармен бірлесе сайлаушылардың тізімін анықтап, оны енгізу жұмыстарын бастамақ. Дауыс берушілердің көбеюіне орай аймақта жаңа 24 сайлау учаскесі ашылды. Алдағы президент сайлауында барлығы 231 сайлау бөлімшесі жұмыс істейді. Бүгін аудандық, қалалық және облыстық сайлау комиссияларының мүшелері бас қосып, Президент сайлауын өткізу жөніндегі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын талқылады.

Асқар Рзаханов, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:

– Алдымызда тұрған жұмыстар өте көп. Әртүрлі қоғамдық ұйымдардың республикалық деңгейде съездері өткеннен кейін, кандидаттар белгілі болғаннан кейін олардың сенімді өкілдерін тіркеу, оларға куәліктерін беру, одан кейін қол жинау мәселелері тұрады. Осылардың барлығын қадағалау, заң аясында болу осы облыстық сайлау комиссиясының құзыретіне кіреді.

Хабар 24 телеарнасы