379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бүгін – Қозы Көрпеш пен Баян сұлу күні

  • 109
Бүгін – Қозы Көрпеш пен Баян сұлу күні

Ғашықтар мерекесі елімізде 2011 жылдан бастап атап өтіліп келеді.

Мақсаты – ұлтымыздың нағыз махаббат қаһармандары – Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу, Еңлік пен Кебек, Төлеген мен Қыз Жібекті жастар арасында кеңінен насихаттау. Осы арқылы келешек ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарымыз бен асыл жауһарларымызды, әдет-ғұрпымызды сіңіру. Бүгінде бұл күнді ұлықтап, шынайы махаббат нышанын үлгі тұтып жүрген жастар да бар. Солардың бірі Тараз қаласының тұрғындары – Есімжан мен Баян. Осыдан бір жыл бұрын дәл осы күні шаңырақ құрған жас отбасы махаббаттың беріктігі сыйластық пен адалдықта деп біледі. 

Баян Әлімбаева, қала тұрғыны:

– 15 сәуір – отбасымыз үшін өте ерекше күн. Өйткені тура бір жыл бұрын менің Қозы Көрпешім маған ұсыныс жасаған болатын. Біздің отбасыда ең маңыздысы – бір біріне деген сенімділік, махаббат, құрмет.

Хабар 24 телеарнасы