384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сайлау – 2019: Елордада 600 мыңға жуық сайлаушы бар

  • 898
  • UPD: 15:37, 15.04.2019

Бүгіннен бастап елордада полиция қызметкерлері мен еріктілер тобы пәтерлерді аралап, сайлаушылардың тізімін нақтылайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар жұмыс күндері кешкі сағат 6-дан түнгі сағат 11-ге дейін үйлерді аралайды. Демалыс күндері 11.00-ден 18.00 аралығында тұрғындар жөнінде мәлімет жинақтайды. Қауіпсіздік мақсатында оларға арнайы бейдж берілген. Ал тұрғындар өзінің сайлау учаскесі туралы ақпаратты үйден шықпай-ақ, IKomek бірыңғай байланыс орталығына хабарласып немесе мобильдік қосымшалардың көмегіне жүгініп біле алады. Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда 304 сайлау учаскесі тіркелген. Сайлаушылардың саны – 600 мың. Бірақ тіркеуге тұрмаған азаматтар да өз таңдауын жасай алады. Ол үшін аудандық әкімдіктерге хабарласып, өтініш қалдыру керек.

Азамат Ахмеджанов, қала әкімі аппараты басшысының орынбасары:

– Басқа қала, облыстардан азаматтар жұмыс істеп жатыр. Бірақ уақытша тіркелген. Сол себептен оларға заңды негізде 30 күн бұрын біздің аудандық әкімдіктерге хабарласып, содан соң өтініштерін қалдырып, біз олардың өтініштерін алып, содан кейін аймақтарға жіберіп, біздің учаскелерге қосамыз.

Хабар 24 телеарнасы