378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Педагог мәртебесі» туралы заң жобасы Сенат қарауына жолданады

  • 134
«Педагог мәртебесі» туралы заң жобасы Сенат қарауына жолданады

«Педагог мәртебесі» туралы заң жобасы тамыз айында Сенат қарауына жолданады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әзірге белгілісі, педагогикалық білім алып, зейнет жасына дейін сол салада жұмыс істеген маманның оқу жылдары да өтіл болып саналады. Қазір мемлекеттік органдар осы мәселені қарастырып жатыр. Сондай-ақ заң жобасында мұғалімдердің кәсіби қызметіне қол сұқпау, оның абыройын қорғау және келісімінсіз негізгі жұмысынан басқа шаруаларға тартпау мәселесі де қаралады. Дәл осы талаптар әкімшілік құқық бұзушылық кодексімен де қорғалатын болады.

Күләш Шамшидинова, ҚР Білім және ғылым министрі:

– Біз «педагог» ұғымын жалпыға ортақ етуді көздеп отырмыз. Мақсатымыз – мамандардың құқығын теңестіру. Осы норманы орындау үшін қосымша қаржы керек болары анық. Қарапайым мұғалім 56 күн демалса, тәрбиешіге еңбек демалысы 42 күн беріледі.

Хабар 24 телеарнасы