389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде бірнеше жыл игерілмеген 600 мың гектар жер қалпына келтіріледі

  • 469
Елімізде бірнеше жыл игерілмеген 600 мың гектар жер қалпына келтіріледі

Бүгінде ел бойынша 1,4 миллион гектар суармалы алқап бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көлемі ұлғайтылады. Бұл туралы Александр Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының бас директоры айтты. Мәселен, бірнеше жыл бойы игерілмей қалған 600 мың гектар жер қалыпқа келтіріледі. Жаңадан бір жарым миллион гектар аумақ жыртылып, дән себілетін болады. Жалпы санаулы күнде еліміздің солтүстік өңірлерінде көктемгі егіс жұмыстары басталады. Қазір дайындық қызу. Жауапты шаққа деп былтыр 823 миллион теңге бөлінген. Нәтижесінде 19 ауыл шаруашылығы техникасы мен 21 арнайы жабдық сатып алыныпты. Трактор, дән сепкіштен тапшылық болмайды. Бірақ қазір жерде ылғал аз. Дей тұрғанмен, диқандарымыз науқанды дер уақытында бастамақ.

Хабар 24 телеарнасы