379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Президенттік сайлауға жұмсалатын шығын мөлшері 9,4 млрд теңгеге дейін қысқартылды

  • 100
  • UPD: 19:57, 15.04.2019

Еліміздің Қаржы министрлігі алдағы президенттік сайлауға жұмсалатын шығын мөлшерін 12 миллиард теңгеден 9,4 миллиардқа дейін қысқартты.

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысында айтылды. Комиссия хатшысы Сәбилә Мұстафинаның айтуынша, бюджет еліміздің «Сайлау туралы» Заңына сай жоспарланған. Оны өткізу үшін қарастырылған қаражаттың 9 миллиард 347 миллионы Орталық сайлау комиссиясына, ал 57 миллионы Сыртқы істер министрлігіне бөлінбек.  

Сәбилә Мұстафина, ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы:

- Комиссияның кейбір мүшелері өздерінің кәсіби қызметтеріне байланысты сайлау күнінде ғана жұмыс істейді. Ал енді бірі бір апта бұрын міндеттерін орындауға кіріседі. Жекелеген комиссия мүшелері науқан бастала салысымен жұмыс істейді.  Осы жайттарды еске отырып, орталық сайлау комиссиясы шығындарды шамамен есептейді. Осыдан барып 12 миллиард, яғни шығындардың 77 проценті пайда болды. Бұл учаскелік және аймақтық сайлау комиссиялары мүшелерінің еңбекақысы.

Хабар 24 телеарнасы