379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде су қоймаларын қадағалау жалғаса береді

  • 75
  • UPD: 20:52, 15.04.2019
Елімізде су қоймаларын қадағалау жалғаса береді

Қазір еліміздің біраз өңірінде жауын-шашын мөлшері күрт артты. Бірақ бұл су басу қаупі болуы мүмкін дегенді білдірмейді.

Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, қызыл судан келетін қауіптің негізгі кезеңі артта қалды. Тіпті соңғы тәуліктерде су басуға қатысты бірде-бір жағдай тіркелмепті. Сондықтан қазір құтқарушылар табиғи апаттың салдарымен күресіп, зардап шеккен аумақтарды қалпына келтірумен айналысып жатыр.  Бұған қоса Ақмола, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарындағы су қоймаларын бақылау жалғаса береді.

Владимир Беккер, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы:

- Осы аптада Қарғанды, Ақмола, Павлодар және Солтүстік Қазақстан өңірлерінде жауын-шашын мол болады. Желдің екіпіні күшейіп, қалың тұман басады. Бұл құбылыстар су деңгейінің артуына түркі болуы мүмкін. Бірақ су басу қаупін тудырмайды. Сала мамандары барлық жағдайды бақылауда ұстап, тиісті сараптама жүргізіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы