379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тараздық отбасы ұлы сезімнің беріктігі неге байланысты болатынын айтып берді

  • 127
  • UPD: 22:00, 15.04.2019

Бүгін Қозы Көрпеш пен Баян сұлу күні. Ғашықтар мерекесі елімізде 2011 жылдан бастап атап аталып келеді.

Қазақ эпосы кейіпкерлерінің құрметіне арналған бұл күннің мақсаты - Махаббат атты ұлы сезімнің мәнін өскелең ұрпаққа ұғындыру. Қазір ғашықтар күні жастар арасында кеңінен насихатталып, дәл осы күні отбасын құрып жатқандары да бар.

Тарихқа көз жүгіртсек, Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу шамамен ХІІ-ХІІІ ғасырда өмір сүрген ғашықтар. Махаббат жолында талай қиыншылықтарды бастан кешкен жастар бір-біріне деген шынайы пәк сезімдерін өле-өлгенше сақтай білген. Олардың махаббаттары осынысымен құнды.

Темірхан Мұқашев, филология ғылымдарының кандидаты:

- Әр варианттың өзіне тән ерекшелігі бар,  оқиғалық аяқталуы бар. бірақ ортақ бір дүние бұл біздің сол замандағы сол кезеңдегі махаббатқа деген құштарлық. Махаббаттың беріктігі, махаббатқа деген адалдық және сол жолдағы күрес.

Елімізде ұлттық ғашықтар күнін атап өту осыдан сегіз жыл бұрын бастау алған еді. Алайда бұл мерекені, көпшіліктің бірі білсе, енді бірі біле бермейді. Тіпті ғарышқа ұшқан күнмен шатастырып жатқан жастар да кездесті.

Блиц:

- 15 сәуір қандай күн?

- Алғашқы ғарышқа ұшқан күн.

- Жаңадан қосылғаннан кейін мейрам қазір онша ешкім тойламайды.

- Қазақтың жастары болған , бір бірін сүйген, аттары аңызға айналған,

- Олар бір бірін сүйген махаббат күні ғой енді,

- Қозы Көрпеш пен Баян сұлу олар бір бірлері үшін жанын берген, бірақ бір бірлеріне қосыла алмай кеткен ғашықтар

Тараз қаласының тұрғындары Есімжан мен Баян 15 күні шаңырақ көтерген. Қозы мен Баянды, Қыз Жібек  пен Төлегенді үлгі тұтып жүрген жас отбасы махаббаттың беріктігі сыйластық пен адалдықта деп біледі. 

Баян Әлімбаева, қала тұрғыны:

- Бүгін 15 сәуір біздің отбасымыз үшін өте ерекше күн. Өйткені тура бір жыл бұрын менің Қозы көрпешім маған ұсыныс жасаған болатын. Біздің отбасыда ең маңыздысы ол әрине бір-біріне деген сенімділік, махаббат, бір-бірін сыйлау, құрметтеу.

Махаббат дүйім дүниенің ең асыл, кіршіксіз сезімі болса, сертке берік Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу шынайы махаббаттың нышаны. Бұл атаулы мерекені ұмыт қалдырмай, одан әрі дамытсақ, ұлттық құндылықтарымыз ұлықталып, айрықша мәнге ие болары анық.

Авторлары: Қырмызы Жексенбек, Бақытжан Бапаев

Хабар 24 телеарнасы