379.41 429.60 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында сәуірден бері 3,5 мың гектар далалық жер өртенген

  • 63
  • UPD: 23:29, 15.04.2019
Павлодар облысында сәуірден бері 3,5 мың гектар далалық жер өртенген

Павлодар облысында сәуір айының басынан бері жайылымдық және далалық жерлердің 3,5 мың гектары отқа оранды

. Соңғы төрт күннің ішінде өрт оқиғаларына қатысты 100-ден астам шақырту түскен. Күннің күртжылынуынан облыс орталығыннан бөлек Ертіс өзенінің бойындағы Кенжекөл, Ленин, Госплемстанция, Черноярка ауылдарының жайылымдық алқаптарын қызыл жалын шарпыды. Табиғи өрттер, бірінші кезекте тұрғындардың абайсыздығынан болып отыр. Сала мамандарының айтуынша, өрт шарпыған жерлерге арнайы көлікпен жақындау қиын болған. Сондықтан, мамандар онда жаяу жетуге мәжбүр. Ал отты әуеден сөндіруге  қауқарлы техника қолда жоқ. Орман шаруашылығы нысандарында да сондай жағдай. Мәселен, соңғы уақытта «Ертіс орманы» резерватында үш оқиға тіркеліп, 70 гектар жер жанып кетті. Қазіргі уақытта өрттен келетін қауіп сейілді. Ертіс өңірінде түнде жауын жауды. Айта кетейік, қазіргі уақытта экожүйеге келген шығын көлемі есептеліп жатыр.

Алексей Двинянин, облыстық ТЖД басшысының орынбасары:

- Соңғы төрт күнде күшейтілген режимде жұмыс істедік. Қызыл жалын шарпыған аумақтарда бекеттер құрылды. Ең бастысы, өрттің елді мекендерге кіруіне жол бермедік. Саяжайларды да бақылауға алдық. Себебі, осы кезеңде саяжай нысандарының өртенуі көп тіркеледі.

Қайрат Әбілбаев, орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясы жетекшісінің м.а.:

- Арнайы комиссия өртенген аумақтарды тексеріп жатыр. Резерваттың алқаптарында жануарлар мен құстардың қырылуы тіркелген жоқ. Ертіс өзенінің жайылымдық жерлерінде қоян, кірпі сияқты жануарлардың өлімі анықталды.

Хабар 24 телеарнасы