378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтаудағы ашық базарлар жабық үлгідегі нысандарға көшіріледі

  • 83
  • UPD: 08:08, 16.04.2019

Ақтаудағы ашық базарларды жабық нысандарға көшіру жұмыстары 2025 жылға дейін аяқталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл қала әкімдігінің жоспары. Бұрын қала халқы тамағы мен киімін орталық базардан сатып алатын. Көпке мәлім, оның санитарлық тазалығы сын көтермей келді. Кейін шаһар сырты орнын суытуды қаламағандар зәулім сауда орны салынғалы бері жағдай өзгерді. Көшеде сауда жасап келгендердің дені жаңа кешендерге көшті. Ал жылы ар биыл төрт қабатты ғимаратқа кіреді.

Бұл - бұрынғы орталық базар. Көлік кептелісінен арылмайтын жердің санитарлық тазалығы ұзақ жылдар бойы сын көтермей келді. Әсіресе, көпшілік күн ыстықта тамақ алуға жасқанатын. Кейін 31-ші шағын ауданда базарлар ашылған соң жағдай өзгерді. Саудагерлер жаппай жаңа орынға көшті. Десек те, әлі күнге көшеде тауар сатып тұрғандар бар. Олар кәсіпкер салып жатқан жабық ғимаратқа биыл кіреді.

Нұрсейіт Айладыр, қалалық кәсіпкерлік бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

- Масат базары Ақтау қаласының 22-ші шағын ауданында орналасқан. Жалпы аумағы 1 га жерді құрайды. Модернизациялаудан өтіп жатқаны 5500 шаршы метрді құрайтын аумағы. Яғни, бұл төрт қабаттан тұрады. Алдағы уақытта 200-ге тарта сауда орны ашылады деп күтілуде. Әрине, көшкеннен кейін бұл жердегі 40 пайызға дейін сауда нысандары азайды.

Ләззат есімді қала тұрғыны жабық үлгідегі сауда нысанына алғаш кіргендердің бірі. Төбесінен жаңбыр суы тамшылап тұратын бұрынғы орында талай рет тауар бүлінген. Қазір көрген қиындығын ұмытқан. Жылы да жайлы бутикте әйелдер киімін сатып, табысқа кенеліп отыр.

Ләззат Ғалымова, кәсіпкер:

Қардың астында да тұрдық. Жауын астында да тұрдық. Заттарымыз бүлінетін еді. Осы базарға көшіп келгенімізге биылғы маусымда он жыл болады. Іші тап-таза, заттарымыз бүлінбейді. Қыста жылы, жазда салқын. Кондиционер істеп тұрады.

Авторлары: Заманауи үлгідегі жабық сауда орындарының шатырына қарап, қала тұрғындары ақ, сары және көк базар деп ажыратады. Санитарлық күн болғандықтан, дүйсенбіде тамақ сатылатын бөлігі жабық тұрады. Ал киім-кешек пен құрылыс бұйымдары сатылатын жағындағы бір мыңға тарта бутик демалыссыз әрі үзіліссіз істейді. Аумағы 4,2 га базарлардың алдына егілген 4 мың түп ағаш қала ажарын ашып тұр.

Талғат Исламұлы, Саламат Бекбаев

 

Хабар 24 телеарнасы