379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде көшедегі заңсыз сауда инспекторлардың қатаң бақылауында

  • 54
  • UPD: 09:11, 16.04.2019

Ақтөбеде ұсақ шаруаларға тегін орын беретін базарлар бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Коммуналдық нысанда арнайы сөрелер дайындалған. Биыл тағы сондай 9 базар ашылады. Мақсат - жергілікті тауар өндірушілерді қолдау және азық-түлік бағасын тұрақтандыру. Сонымен бірге көшедегі жабайы сауданы жою.

Сөреде тұрғанның бәрі-табиғи өнім. Лилия Палий өз бақшасында баптап өсірген өнімдерін сатады. Үйде дайындалған тұздығы мен тоспасына сұраныс бар. Жабайы базар аралап, көшеде сауда жасап көрмеген. 4 жылдан бері осында отырады. Шағын базардағы сауда орны тегін беріледі. Жаз мезгілінде бәсекелестердің көбейетінін айтады. Олар - көшенің бойында кез келген жерге отыра қалатындар. Заңсыз саудамен айналысатындар учаскелік инспектордың бақылауында.

Лилия Палий, қала тұрғыны:

Мен дайындаған өнімнен дәм татқандар қайта айналып келеді. Тұздалған қызанақ пен қиярға тапсырыс беретіндер көп. 20 банка жауып берген кездерім болды. Менде қатып қалған баға жоқ. Қажет болса, саудаласып, бағаны түсіремін.

Қалада дәл осындай 18 шағын базар бар. Коммуналдық нысанда әлеуметтік дүкен және бірнеше дүңгіршік орналасқан. Дүкенде азық-түлік бағасын тұрақтандыру қорының өнімдері сатылады. Бұдан бөлек, бау-бақшамен айналысатын қарияларға арналған тегін орындар бар. Мұндай базарды ашудағы мақсат - көшедегі заңсыз сауданы жою.

Перизат Бисенәлиқызы, тұтынушы:

Мен осы ауданда 50 жылдан бері тұрамын. Үй жанынан ашылған базарда бәрі бар. Картоп, қырыққабат, қияр мен қызынақ сатылады. Үйде дайындалған өнімнің сапасы да жақсы. Алысқа бармай, керегімді осы жерден аламын.

Базарларды басқару мекемесінің мәліметінше, биыл тағы 9 шағын базар ашылады. «Болашақ» шағын ауданында бау-бақша өнімдерін сататын базар жоқ. Мына ашық алаңқайға сауда орны салынады. Қазір құжаттары дайындалып жатыр. 6000 тұрғыны бар ауданның өз базары болады.

Наурызғали Сағындықов, серіктестік басшысының орынбасары:

Металл сөрелер бар, темірден жасалған. Олар жаңағы тегін тұрады. Бұл шешім 2009 жылдан бері келе жатыр. Бәріне тегін беріледі. Тұрып, өз өнімдерін алып келіп сата береді. Осы аумақтың бәрі берілгеннен кейін қоршалады. Жерге бәрін төсейміз. Қазіргі қалпы емес, басқаша болады.

Тұрақты базарлардан бөлек, жаз мезгілінде 200-ге жуық маусымдық уақытша сауда орны ашылады. Онда жергілікті тауар өндірушілер өз өнімдерін сатады. Мұндай орындарда азық-түлікті қымбаттатуға негіз жоқ. Сауда орындары ұсақ шаруаларға тегін берілетіндіктен, олар өз өнімдерін делдалсыз әкеледі.

Авторлары: Ақсәуле Байменшина, Айбек Дәуітов

Хабар 24 телеарнасы