379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында маусым айында күн электр станциясы іске қосылады

  • 44
  • UPD: 09:13, 16.04.2019

Қарағанды облысының Шет ауданына қарасты Ағадыр кентінде ірі күн электр станциясы салынып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нысан маусым айында іске қосылмақ. Қазір аумақты қоршау толық аяқталып, енді электр желісін тартып, оған қосылу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жобаның құны - 55 млн еуро. Неміс инвесторлары «қуаты 50 мегаватқа жететін станцияны салу барысында еш кедергі болған жоқ», - дейді. Ал панельдерді қою кезінде шамамен 100-ге жуық жұмыс орны пайда болады.

Айта кеткен жөн, облыс бойынша соңғы 3-4 жылда баламалы энергия бағытына 500 млн АҚШ доллар инвестиция тартылады деп күтіліп отыр.

Евгений Гребенников, инвестор:

Қазір қосымша талдау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Заң жобасымен танысудамыз. Тариф жүйесін танып, тағы да осы салада Қазақстанда жұмыс істесек дейміз. Себебі инвестициялық климат өте қолайлы, жақсы жағдай жасалған.

Хабар 24 телеарнасы