376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайлық кәсіпкерлер мемлекеттік қолдаумен мал шаруашылығын дамытқан

  • 66
  • UPD: 09:14, 16.04.2019

Соңғы жылдары Қостанай облысына «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 3 мыңдай асыл тұқымды мал әкелінді, деп хабарлайды «Хабар 24»

Жітіқара ауданындағы кәсіпкер мемлекеттік қолдаумен екінші рет несие алып, мал шаруашылығын дамытқан. Осылайша туған жерін өркендетіп, жерлестерін жұмыс орнымен қамтып отыр.

Руслан Шаденов мал шаруашылығын 2011 жылдан бері айналысады. Алғашында 30 бас қазақтың ақ бас сиырынан бастаған. Араға бірнеше жыл салып ірі қара санын 10 есеге арттырды. Биыл тағы 62 млн теңгеге несие алып, Чехиядан сүтті-етті бағыттағы симментал сиырларын алып келген.

Руслан Шәденов, шаруа қожалығының жетекшісі:

- Сиырлар барлық ветеринарлық шараларды сәтті өткерді. Біздің ауа райыға бейімделді. Ет алысы жаман емес.Қазір ұрықтандыру жүріп жатыр.

Шаруашылықта етпен қатар сүт өндірісі де қарқынды дамып отыр. Осындағы 80 бас ірі қараның әрқайсысынан жылына 6 мың литр сүт алу көзделген. Бұл мақсатта қосымша ғимараттар салынып, мал саны төрт есе ұлғаяды.

Дәулет Түнжұманов, Чайковское ауылының әкімі

Ауылымыз қайта қалпына келтіріліп, өркендей түседі. Жаңа жұмыс орындары құрылады. 2-3 жылда сүт өндірісін мықтап дамытуды мақсат етеміз.

Данияр Сұлтанұлы, «Хабар 24» арнасының тішлісі:

- Фермаға барлық коммуникациялық желілер тартылып, қажетті ғимараттар құрылысы жүргізілді. Шамамен 50 млн теңге бағытталды.

Кеңес заманында салынып, ал қазір қаңырап бос қалған мұндай мал бордақылау алаңын шаруашылық аумағында көптеп кездестіруге болады. Мысалы мына ғимарат күз мезгілінде түбегейлі қалпына келтіріледі. Мұнда заманауи сүт-тауарлы ферма ашылады.

Болашақта сүтті терең өңдеу ісі қолға алынады. Ірімшік, май, сүзбелердің түр-түрін шығару көзделген. Бастапқыда өнім ішкі нарықта саудаланады. 

Авторлары: Данияр Сұлтанұлы, Ермек Мұхамедияров

Хабар 24 телеарнасы