378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматылық 30 мыңнан астам студент жатақханаға зәру

  • 115
  • UPD: 09:22, 16.04.2019
Алматылық 30 мыңнан астам студент жатақханаға зәру Informburo.kz

Алматылық 30 мыңнан астам студент жатақханаға зәру. Бұл мәселе енді мемлекеттік және жекеменшік әріптестік негізінде шешілмек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Яғни оны кәсіпкерлер мен инвесторлар салады. Ал мемлекет құрылысқа қажетті жер телімін бөліп, қажетті инфрақұрылым тартып береді. Қазіргі уақытта кәсіпкерлік палатасы жатақхана салуға ниет білдірген компаниялармен келссөз жүргізе бастады. Келісімшарт талабы бойынша нысан құрлысын толық аяқтаған компания оны жекеменшікке өткізуі тиіс. Алайда салынған кешен 20 жыл көлемінде өзге мақсатқа пайдаланылмайды. Ол жеке тұрғын үй немесе сауда орталығына тапсырмауы қажет. Бүгінгі таңда қала әкімдігі 10 жер телімін бөлді. Алдағы үш жылда шаһарда 39 студенттік жатақхана салу жоспарланып отыр.

Асқар Ибраимов, «Қаржы орталығы» АҚ президенті:

- Жалпы бұл жобаны іске асыруға 153 млрд теңге қарастырылған. Дәл қазір 48 нысан бойынша келіссөз жүргізіліп, 20 жоба бойынша келісімшарт жасалды. Биыл 7 мың студентке арналған жатақана құрылысы бойынша жоба мақұлданады деген үміттеміз.

Хабар 24 телеарнасы