379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғанда технологиялық агропарк ашылды

  • 140
  • UPD: 10:36, 16.04.2019

Жетісулық дихандар егістік маусымын жағымды жаңалықпен бастады. Облыс орталығы Талдықорғанда технологиялық агропарк ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шыңғыс Қалиден, «Хабар 24» арнасының тілшісі:

- Жер аударып жатқан мына трактор бағдарламалау арқылы басқарылады. Ал ішіндегі маман жүргізуші емес, қадағалаушы ретінде қарап отыр. Агрокешеннің ашылуында бір өзі бірнеше жұмысты атқаратын заманауи техникалар таныстырылды.

Шыңғыс Ахматов, серіктестік басшысы:

Бұл тракторда гидравликалық автопилот бар. Сондықтан өзі жүреді.Әрі тұқымды 2 см тереңдікте себу, өңдеу жұмыстарын атқарады. Қазір өңірде мұндай 3 техника сатып алынған. Алдағы уақытта оның санын артып, қолданысқа беруді көздеп отырмыз.

Агрокешенің аумағы 54 гектар. Оның 17 гектарына қант қызылшасы егілді. Егіс алқабына жиналған дихандарға тәтті түбірді егу, күтіп-баптау жолдары көрсетілді. Инновациялық әдістерді енгізіп, өнім көлемін екі есеге дейін арттыру мүмкіндіктері ұсынылды.

Андрей Агеенко, «Қазақ» егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ директоры:

- Біздің негізгі мақсат - шаруаларды ғалымдармен бірлесе жұмыс істеуге шақыру. Дәнді дақылды соңғы ғылыми негізге сүйене отырып ексе, заманауи техникаларды пайдаланса, сонда өнім мол шығатынын, шығынның азаятынын түсіндіру.

Серікжан Бескемпіров, облыс әкімінің орынбасары:

- Осы жерге дәнді дақылдардың 15 түрі егілген. Шаруалар алысқа бармай-ақ, осында үйренсін, көрсін деп ұйымдастырып отырмыз. Облыс әкімі ақша бөлді.

Бұл - облыстағы екінші технологиялық агропарк. Алғашқысы Қарасай ауданында ашылды. Ол оңтүстік өңірдегі шаруаларға көмектеседі. Ал Талдықорғандағы кешен солтүстіктегі дихандардың жер жыртып, егін егуіне жәрдемдеседі.

Авторлары: Шыңғыс Қалиден, Олжас Байбосынов

Хабар 24 телеарнасы