389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Президент сайлауы кәсіпкерлер үшін оңды шешім - Қайрат Молдасейітов

  • 545
  • UPD: 11:29, 16.04.2019

Президент сайлауы кәсіпкерлер үшін оңды шешім.Себебі елде тұрақтылық болса инвестициялық климат та тұрақты болады.

Бұл пікірді шымкенттік кәсіпкер, «Қазақстанның 100 жаңа есіміне» енген Қайрат Молдасейітов жеткізді. Кезектен тыс өтетін сайлаудың ашық әрі әділ болуына қарапайым халық та мүдделі болуы тиіс. Мұнда әр азаматтың рөлі басым. Шымқаланың кәсіпкерлері бұл шешімді бірауыздан қолдайды. «Бұл тек бизнес емес, бүкіл жұртшылық күтіп отырған маңызды қадам», - дейді қалалық Кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің төрағасы.

Қайрат Молдасейітов, кәсіпкер:

- Тәуелсіздіктің арқасында, Елбасының арқасында талай жетістікке жеткеніміз бәрімізге мәлім. Оның барлығына қазір кері әсері тимеуі үшін бұл дер кезінде жасалған шара деп ойлаймын. Сондықтан кәсіпкер ретінде айтайын. Кәсіпкерлік салада бизнес климаттың нашарлап жатқанын сезіп отырмыз. Біздің болашағымыз - сайлау. Оған белсенді қатысып, немқұрайлы болмай таңдауымызды білдірейік

Хабар 24 телеарнасы