379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауған соғысының ардагері: Саяси науқаннан шет қалмаймыз

  • 44
  • UPD: 12:39, 16.04.2019

Ақтөбе облысында 900-ге жуық ауған соғысының ардагері тұрады.

Олардың отыз төрті мүгедек болып оралғандар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы 1979-1989 жылдар аралығында Ауғанстанда әскери борышын өтеуге 22 мың Қазақстан азаматы аттанса, олардың мың жарымы ақтөбелік еді. 26 сарбаз қайтпай қалса, 100 жауынгер ерлігі үшін түрлі марапатқа ие болды. Облыстағы ауған соғысы ардагерлерінің қоғамдық бірлестігі интернационалист-жауынгерлердің жағдайын жасауға тырысады. Билікпен бірігіп, әлеуметтік әл-ауқаттарын көтеруге атсалысады. Мысалы ардагерлер жер, мүлік және автокөлік салығынан босатылған. Одан бөлек, тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі. Ауған соғысы ардагерлеріне арнап ашылған залға жиналғандар алда болатын сайлауды талқылады. Соғыс көріп келгендер бейбіт өмір үшін дауыс беретіндерін айтады. Саяси науқаннан шет қалмай, жауапкершілікпен қарайтындарын жеткізді.

Сапар Көбегенов, Ауған соғысының ардагері:

Болашақта тұрақтылық керек. Тұрақтылық болған соң, жан-жақты сұрақтардың бәрі шешіледі деп ойлаймыз. Оның ішінде, бала тәрбиесі, денсаулық, әлеуметттік жағдайы халықтың, осы сұрақтың бәрі тұрақтылық болған жағдайда, біздің тұрақты президентті сайлаған жағдайда осы сұрақтардың бәрі орынды шешіледі деп сенімділік білдіруге болады.

Хабар 24 телеарнасы