389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордалық полицейлер «Аулада қабылдау» акциясын өткізіп жатыр

  • 492
  • UPD: 12:32, 16.04.2019
Қызылордалық полицейлер «Аулада қабылдау» акциясын өткізіп жатыр

Басты мақсат – қаладағы құқық бұзу деректерін азайтып, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шараның алғашқы күні тәртіп сақшылары 200-дей арыз-шағымды тіркеді. Оның дені қоғамдық тәртіп пен жол белгілеріне қатысты болды. Сондай-ақ көшелерді жарықтандыру және бейнебақылау камераларын көбейту мәселесі де көтерілді.

Айта кеткен жөн, жалпы жыл басынан бері аймақта 40 мың 347 әкімшілік құқық бұзу дерегі анықталған.

Қайрат Мұхитов, облыстық полиция департаментінің басшысы:

- Бүгін 4 ықшам ауданда тұрғындармен кездестік. Кезең-кезеңімен барлық аудандарда жалғастыратын боламыз. Тұрғындар коммуналдық шаруашылық мәселелерін де айтап жатыр. Біз бәрін жинақтап, тиісті мекемелерге жолдайтын боламыз. Ал полицияға қатыстыларына заң шеңберінде шара қолданамыз.

Хабар 24 телеарнасы