380.89 423.60 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР АШМ: Елімізде биыл экспорт көлемі 1,27 млрд АҚШ долларына дейін жетпек

  • 51
  • UPD: 13:13, 16.04.2019
ҚР АШМ: Елімізде биыл экспорт көлемі 1,27 млрд АҚШ долларына дейін жетпек

Қазақстан былтыр 48 мемлекетке өңделген өнім экспорттаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

2017 жылы қазақстандық тауар тасымалданған елдердің саны 42 болатын. Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлімдеді. Оның айтуынша, былтырдан бастап Қазақстан жаңа 6 ел - Швейцария, Жапония, Малайзия, Болгария, Ливан және Ганаға өз өнімдерін тасымалдай бастады. Сондай-ақ министр ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын алдағы 2 жылда 2,4 миллиард АҚШ долларына жеткізу жоспарда бар екенін айтты.

Сапархан Омаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

- Бұл ретте биыл экспорт көлемі 1,27 млрд АҚШ долларына дейін жететін болады. Бұлай деуге барлық негіз бар, себебі 2018 жылдың қорытындысы бойынша өңделген өнім экспорты нақты мәнде 6,4%-ға және ақшалай мәнде 3,5%-ға ұлғайды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 1,125 млрд АҚШ доллары сомасына өңделген ауыл шаруашылығы өнімі экспортталды.

Хабар 24 телеарнасы