378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау мұнай өңдеу зауыты Жайықтан су алуды шектейді

  • 90
  • UPD: 13:39, 16.04.2019
Атырау мұнай өңдеу зауыты Жайықтан су алуды шектейді

Атырау мұнай өңдеу зауыты бағасы 17 миллиард теңге тұратын су тазалау қондырғысын салады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол қондырғы Жайық өзенінен алынатын судың мөлшерін шектеп, пайдаланған ағынды судың сапасын арттыратын болады. Сол арқылы зауыт қоршаған ортаға шығатын зиянды қалдықтарды азайтпақ. Зауыт аймағында суды пайдаланудың жабық циклі қолданылылады. Бұл арнасы ортайған Жайық өзеніне қосымша көмек болмақ.

Айта кеткен жөн, жалпы Жайық өзенінен су алатын кәсіпорындар тарапынан экологиялық талаптар орындала бермейді. Іргелі компаниялар осындай қадамдарға барса, 720 мыңнан астам тұрғыны бар Атырау сапалы тіршілік нәріне қол жеткізеді деп күтілуде.

Қанат Сағызбаев, АМӨЗ бөлім басшысының орынбасары:

- Тазалық жобасын іске асырған жағдайда АМӨЗ-де тазартылған суларының 70% өндіріске қайтарылады. Тазартылған судың сапасы кейбір көрсеткіштерге қарағанда 20% азаяды. Және булану алаңын қайтадан қалыпқа келтіріп, сосын экологиялық талапқа сай қылып іске қосқымыз келеді.

Хабар 24 телеарнасы