389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Байқоңыр маңындағы Ақай мен Төретам ауылдарына қаржы бөлінеді

  • 357
  • UPD: 14:16, 16.04.2019

Байқоңыр маңындағы Ақай мен Төретам ауылдарының тұрғындары ауыз суды ресейлік коммуналдық мекемеден сатып алып отырғандықтан, қымбат тарифпен төлеп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді осы елді мекендерді дамытудың 2019-2021 жылдарға арналған жол картасы жасалды. Демек, мәселе шешімін тауып, аталған ауылдар тікелей Байқожа топтық су құбырына қосылады деген жоспар бар. Газдандыру, жол құрылысы және әлеуметтік нысандар салуға арналған өңірлік бағдарламаның орындалуына 8,5 миллиард теңге бөлінеді. Халықаралық автодәліз бен теміржол бойында орналасқан Ақай мен Төретамда кәсіпкерліктің дамуына жер тапшылығы қолбайлау болып отыр. Жергілікті 18 мыңдай тұрғынның жеке үй салып, шаруашылықпен айналысып, кәсіп ашулары үшін ғарыш айлағынан 3300 гектар жерді жалдан шығару жайы да қарастырылып жатыр.

Гүлсара Омарова, Ақай ауылдық округінің әкімі:

- Жердің аумағы 670 га болғанымен тұрғын үй салу кезегінде тұрған 2 мыңға жуық адам бар қазіргі таңда. Инфрақұрылымы жүргізілгеннен кейін жер мәселесі шешіліп жатса, біз беруге дайынбыз.

Мырзадәулет Есжанов, кәсіпкер:

- Үкіметаралық комиссияда шешсе, өте жақсы болып кетер еді. Бұл жерге сырттан адам көп келеді. Қонақүй кешенін салуға болар еді, тағы да сауда орталығын салуға болар еді.

Хабар 24 телеарнасы