378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды мен Теміртау арасындағы жарылған жол қайтадан жөнделіп жатыр

  • 55
  • UPD: 13:55, 16.04.2019
Қарағанды мен Теміртау арасындағы жарылған жол қайтадан жөнделіп жатыр

Қарағанды мен Теміртау арасындағы автобанның жарылған жерлері қайтадан жөнделіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сапасы сыр берген 5 шақырымнан астам күре жолдың бетоны кесіліп алынып, қайтадан құйылмақ. Оған кеткен шығынды толықтай мердігер компания өтейді. Олар жұмысты «шілде айында аяқтаймыз» деп отыр.

Айта кетейік, 2017 жылы салынған автобанға бір жылдан соң сызат түскен болатын. Кейін белгілі болғандай, бетон астына төселген топырақ жол жиегіне жиналған жауын-шашын мен қар суынан ылғалданып, төменге отырған. Сөйтіп, асты қуыс бетон көлік ағымынан болатын динамикалық қозғалысқа шыдас бермей, жарықшақтар пайда болады. Енді ол жер нығыздалып, бетіне 27 сантиметр қалыңдықта бетон құйылмақ. Жалпы бүгінде бұл жолмен тәулігіне 23 мың көлік жүріп өтеді. Мамандар автобанның 15 шақырымдық осы учаскесін қазан айында толық аяқтап, тапсырамыз деп отыр. Ең бастысы, кесіліп алынған бетонды далаға тастамай, кәдеге жаратпақ.

Хабар 24 телеарнасы