379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда 4 құрылыс компаниясы «қара тізімге» енген

  • 192
  • UPD: 14:04, 16.04.2019
Оралда 4 құрылыс компаниясы «қара тізімге» енген

Орал қаласында биыл жол құрылысына барлық қаржы көздерінен 7 миллиард теңге бөлінген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жыл соңына дейін жалпы ұзындығы 53 шақырым болатын 41 көшені жөндеу жоспарда бар. Ал күні бүгін ағымдағы жол жөндеу жұмыстары басталып кетті. Бұл мақсатқа қала қазынасынан 250 миллион теңге бөлініпті. Шаһарда жаңа салынған жолдың көп ұзамай ойылып жататыны сирек те болса, кездесіп қалады. «Бұл орайда құрылысқа кепілдік мерзімі 2 жылдан 7 жылға дейін ұзартылуы мердігерлердің жауапкершілігін арттырды», - дейді мамандар. Соңғы екі жылда мойнына алған міндеттемесін орындамаған, яғни көтере алмайтын шоқпарды беліне байлаған 4 құрылыс компаниясы «қара тізімге» еніпті.

Айдар Меңеев, қалалық жолаушылар көлігі және  автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

- Жосықсыз болып танылған мердігер мекемелер 2 жылда бюджеттен қаржыландырылатын нысандардың конкурстарына қатыса алмайды. Сондай шаралар жауапкершілігін күшейтті. Себебі олар 7 жыл осы жұмысты қарау керек болғандықтан сапасы да жақсы, құрылыс материалдарының сапсына да қарайтын болды.

Хабар 24 телеарнасы