376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Саясаттанушы: Алдағы президенттік сайлау қоғам үшін маңызды қадам

  • 64
  • UPD: 15:15, 16.04.2019

Кез келген сайлау, ең алдымен елдегі саяси ұстанымдар мен идеологиялық дамуды қайта қарастыруға бағытталған.

«Ол түбегейлі өзгерістер мен белгілі бір саланың жаңаша дамуына әкелуі ықтимал. Халық пен билік арасындағы байланыстың қаншалықты ашық әрі әділетті екендігін де көрсетеді», - дейді саясаттанушы Марат Шибутов.

Марат Шибұтов, саясаттанушы:

- Биыл біздің қоғам үшін аса маңызды жыл. Өйткені біз өзіміздің болашақ дамуымызды айқындайтын, ел басқаратын тұлғаны таңдайтын науқан алдында тұрмыз. Бұл сайлауға халық көп үміт артып отыр деп ойлаймын. Өйткені экономика мен әлеуметтік салада, мәдени өмірде шешімін күткен мәселелер көп.

Хабар 24 телеарнасы