384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алдағы саяси науқанға қатысты түркістандық ақсақалдар да пікір білдірді

  • 639
  • UPD: 15:17, 16.04.2019

Мәселен, қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі Шора Исмолдаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімін кемеңгерлікке балайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Қазіргі таңда біз халқымыз үшін аса маңызды тарихи кезеңді бастан өткеріп отырмыз. Бүкіл әлемнің назары Қазақстанға ауды. Алдымен билік ауысып, енді президент сайлауы болғалы жатыр. Қазіргі Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы ұстанған саяси бағытты жалғастырып, жауапкершілік жүгін терең сезіне білді. Енді заңды жолмен, ел болып, тұрақты басшымызды сайлауымыз қажет. Саяси науқанды халық түсіністікпен және құрметпен қабылдап, өз таңдауын жасайды деп сенемін», - дейді ардагерлер кеңесінің мүшесі.

Шора Исмолдаев, қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі:

- Келесі мемлекеттің басшысын бүкіл халық болып сайлайтын болдық. Бұл халықтың көкейінде жүрген көптеген сұрақтарға жауап береді. Өте дұрыс шешім, қуаттаймын. Елді бірлікке шақырамын. Жақсы таңдау жасасын халық, адаспасын. Елімізге бірлік, ынтымақ керек. Барлығымыз бір ауыздан болып, елімізді жақсы өркендететін, дамытатын, халықты бірте ұстайтын әділ басшы болатын болса, сол жақсы.

Хабар 24 телеарнасы