377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жетісай кәсіпкерлері өз брендін қалыптастырмақ

  • 113
  • UPD: 15:28, 16.04.2019
Жетісай кәсіпкерлері өз брендін қалыптастырмақ

Жетісайда жасалған. Түркістан облысы Жетісай қаласының кәсіпкерлері енді осындай бренд қалыптастырмақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі өңірде шағын және орта кәсіптің үлесі басым. Ауданда 2 мыңнан астам кәсіпкерлік субьектісі осыған атсалысуда. Мәселен жеке кәсіпкер Ұлықбек Әбдірахманов қазір отандық аяқ киімдер шығаруда. Ол бастапқыда өз қаржысына Қытайдан қондырғы алып келіп, аяқ киім цехын бастаған. Қазір кәсібі өрге домалап  жергілікті 15 азаматты жұмыспен қамтып отыр. Ұлықбек аяқ киімдерді жыл маусымына қарай дайындайды. Шикізатты көршілес Өзбекстан мен Ресейден алдыртады. Ал жергілікті билік кәсіпкерге өндіріс ошағына жер бөліп, инфрақұрылым тартып беріпті. Бұл цехта аяқ-киімнің 6 түрі өндіріледі. Кебістен бастап су өтпейтін қысқы етіктер де осында жасалады. Сонымен қатар жаздық аяқ киімнің сан түрін де кездестіруге болады. Кәсіпорында бір күнде 2 мың жұп  аяқ-киім шығады.

Ұлықбек Әбдірахманов, кәсіпкер:

- Басқа да қымбат аяқ киімдер шығарсақ деген жоспарлар бар. Егер қаржылай көмек болып жатса. Сұраныс жақсы Құдайға шүкір. Бәрібір бізде шыққан өнім арзан болады ғой. Шетелден алып келгенде НДС төленеді. Басқа да жеткізу тасымалдау қызметі бар. Банктің қыметі бар.

Хабар 24 телеарнасы