388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан мен Беларусь IT саласында ынтымақтастықты нығайтпақ

  • 548
  • UPD: 18:06, 16.04.2019

Қазақстан Парламенті Сенаты мен Беларусь Республикасы Кеңесі арнайы комиссиясы сарапшыларының алғашқы кездесуі өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Минскте бас қосқан мамандар түрлі салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыруды талқылаған. Бұл ретте басымдық жоғары технологияларға берілетін болады.

Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы Төлеубек Мұқашев Беларусьтегі ірі IT саласының өкілдерімен кездесті. Солардың бірі жоғары технологиялар cаябағында өтті. Мұнда екі ел арасындағы бірлескен инновациялық жобалар дайындалуда. Сонымен қатар беларусьтік озық ренгтен техникасын Қазақстан аумағында құрастыру мүмкіндігі қарастырылған.

Бақытжан Жұмағұлов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– Бізді Беларусьте пилотсыз ұшақтар мен IT технологиялар қызықтырып отыр. Көптеген салада өте жақсы ғылыми зерттемелері мен жобалары бар. Оларды Қазақстан экономикасында да пайдалануымызға болады.

Қазақстанда ауылшаруашылық саласында жүзеге асқан жобаны әлгі пікірге дәлел десек те болады. Беларусь ғалымдары Нұр-Сұлтанда тұңғыш ақылды жылыжай кешенін ашуға көмектесті. Серіктес елдің технологиялары қызанақ шаруашылығында өнімділікті арттыруға мүмкіндік берді.

Сергей Рахманов, Республика кеңесі халықаралық қатынастар және ұлттық қауіпсіздік бойынша тұрақты комиссия төрағасы /Беларусь/

– Бұл жоғары технологиялар болғандықтан, ғылыми-ағарту саласында бірлесіп жұмыс істеуге ынталымыз. Осының көптеген бағыты бар. Бұл тек техника ғана емес, медицина да болуы мүмкін. Осы салада Қазақстанның да, Беларусьтің де даму деңгейі жаман емес.  

Мамандардың айтуынша, биылдың өзінде дрондар бойынша бірлескен еңбектің жемісін көрінуі тиіс. Өнім Қазақстанда шығады.

Авторлары: Алексей Родионов, Владимир Струк

Хабар 24 телеарнасы