379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таразда ғимараттан секірмек болған бойжеткен құтқарылды

  • 43
Таразда ғимараттан секірмек болған бойжеткен құтқарылды

Таразда құрылысы толық аяқталмаған ғимараттан секірмек болған бойжеткен құтқарылды.

Бұл жайында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахмет хабарлады.

«2019 жылғы 15 сәуірде сағат 17.00 шамасында Жамбыл облысы Полиция  департаментінің жедел кезекшісінен «Бокс сарайы» спорт кешенінің жанында Королева көшесі бойында орналасқан құрылысы аяқталмаған ғимараттан өзіне-өзі қол жұмсау әрекеті туралы хабарлама келіп түсті. Қолданыстағы нұсқаулықтарға сәйкес оқиға орнына Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелерінің күш пен құралдары жіберілді (19 қызметкер және 5 дана техника, соның ішінде психолог). Оқиға орнына жеке құраммен тартылатын құтқару қалқасы орнатылды. №1 өрт сөндіру бөлімінің өрт-сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау сержанты Көпбосынов Азамат 5 қабатты биіктікке өрт сөндіру автосатысымен көтерілді. Ол өз өмірімен тәуекел етіп, суицидтің алдын алып, оның өмірін құтқарды», – делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы