379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Асылжан Бүркіталин: Жастар сайлау науқанына белсенді қатысуға дайын

  • 56
  • UPD: 21:03, 16.04.2019

Елімізде болып жатқан саяси жаңалықтар жастардың жіті назарында.

Болашақтың бүгінгі өкілдері барлық процеске белсенді қатысуға дайын. Олар халық таңдаған Президент тұрақтылық пен тыныштықтың кепілі болатынына сенімді.

Асылжан Бүркіталин, «Jas Otan» жастар қанаты Ақтөбе облыстық филиалы төрағасы:

– Тәуелсіздік алған отыз жылдың ішінде бізде «уақытша президент» деген түсінік болған жоқ. Яғни бізде тұрақты президент, тұрақты саяси бағдарымыз, жоспарымыз болды. Халықтың көңіл-күйі, әл-ауқаты осыған байланысты болды. Біз осы тұрақтылығымызды жоймау үшін, 30 жыл бойы қалыптастырған жүйені әрі қарай жалғастыру үшін сайлаудың қажеттілігін түсінуіміз қажет.

Хабар 24 телеарнасы