377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚТЖ қазақстандықтарды темір жолдарда сақ болуға шақырды

  • 129
  • UPD: 23:11, 16.04.2019

Қазақстандықтар теміржолдардағы қауіпсіздік ережелерін елемей жүр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жыл басынан бері пойыздар 10 адамды қағып кеткен. Сонымен бірге қараусыз жүрген 56 ірі қара да шойын жолдардағы апаттардың себебі болды. Бүгін бұл мәселе «Қазақстан темір жолының» кеңейтілген отырысында талқыланып, оны шешу жолдары қарастырылды.

Шығыс Қазақстан облысы. Осыдан 10 күн бұрын Серебрянка-Огневка станцияларының аралығында пойыз автокөлікпен соқтығысып қалған еді. Темір тұлпар иесі ережені елемей, теміржол өткелін өтпек болған. Абырой болғанда, жүргізуші ажалдан аман қалды. «Қазақстан темір жолы» осындай деректердің жыл сайын көбейіп бара жатқанына алаңдаулы.

Былтыр теміржол өткелдерінде 10 көлік соқтығысса, осы жылдың басынан мұндай 6 дерек тіркелді. Ал машинистер шұғыл тежеу жүйесін биылдың өзінде 600 мәрте қолданған. Шойын жолда адам мен малды басу кету фактілері және бар. Міне, осы күрмеулі мәселенің кілтін табу үшін бүгін ҚТЖ-ның қозғалыс қауіпсіздігі жөнінде кеңейтілген отырысы өтті. Компания өкілдері проблеманы шешу жолдарын қарастырды.

Берік Истлеев, «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ департамент директоры:

– Белгіленбеген жолдарға шығу бойынша бөгде адамдарға айыппұл салынады. Айыппұл – 3 МРП. Жаза қатаң емес. Оған бүгінде заңға өзгерістер енгізу қарастырылып отыр. Біз ұсынып отырмыз, АЕК көлемін 10-ға дейін көтеру.

Көлік прокуратурасы және әскерилендірілген теміржол күзетінің қызметкерлерімен бірге «Қазақстан темір жолы» жыл басынан бері 80 рейд өткізіп, 20 мыңнан астам адамға өткелдерден өту тәртібін түсіндірді. Компания өкілдері оқыс оқиғалардың алдын алу үшін шойын жолдарда сақ болуға шақырады.

Авторлары: Ж.Біркенов, Е.Дайыров

Хабар 24 телеарнасы