389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскемендегі хайуанаттар бағынан марал мен бұғылар еркіндікке жіберілді

  • 455
Өскемендегі хайуанаттар бағынан марал мен бұғылар еркіндікке жіберілді

Өскемендегі хайуанаттар бағынан 4 бас марал мен сонша бұғы еркіндікке жіберілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бақтағы тұяқтылар саны көбейіп, 20-дан асқандықтан олардың біраз бөлігін ен далаға еркіндікке жіберу керек деп шештік, дейді табиғат жанашырлары. Тордың ішіндегі маралдарды көлікке кіргізу де оңай болмады. 5-6 азамат жабылып әрең еңсерді. Мүйізділер Сібі көлдері маңындағы Байша шатқалына жіберілді. Аталған аумақта жануарларға төнетін қауіп жоқ. «Керісінше табиғи жағдайда өсіп өнуіне үлкен мүмкіндік бар», – дейді мамандар. Өйткені торда тұрған тұяқтылар бір-бірін мүйіздеп, өлтіріп жіберуге дейін барады екен.

Зайниддин Шәмшиев, Өскемен қалалық хайуанаттар бағының бөлім меңгерушісі:

– Өте қатты жаралайды, өлтіріп те тастауы мүмкін. Бұлар өте қатты күш сынасады. Маралдар мен бұғыларды табиғатқа қайтаруды шештік.

Василий Ткаченко, «Облыстық орман және аң шаруашылығы» ММ басшысының орынбасары:

– Бұл аумақ барлық жағынан қоршалған,тек бір ғана жолмен өтуге болады. Арнайы қорғалатын қорық, сондықтан бөтен ешкім жүрмейді, аңшылыққа мүлдем тыйым салынған.

Хабар 24 телеарнасы