378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресми тек екеу: @TokayevKZ / @tokayev_online

  • 75
  • UPD: 23:39, 17.04.2019

Соңғы кездері әртүрлі әлеуметтік желілерде Мемлекет басшысының атынан ашылған фейк аккаунттар көбейіп кетті. Сол арқылы жалған ақпарат таратып жатқандар да бар, кейбірі оны коммерциялық мақсатта қолданып жатыр.

Бұл туралы Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Фейсбуктегі парақшасында жазды. Осыған байланысты ол барша әлеуметтік медиа қолданушылар мен БАҚ өкілдерін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына ресми тіркелген екі аккаунт қана барын ескертті.

Олар: Twitter желісінде 2011 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан - @TokayevKZ, сондай-ақ 2019 жылдың сәуір айында Instagram желісінде ашылған @tokayev_online аккаунты.

Хабар 24 телеарнасы