384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада бұрыс есеп салдарынан 3600 оқушы тегін астан құр қалды

  • 636
  • UPD: 18:43, 17.04.2019

Қызылордада көп балалы және тұрмысы төмен отбасылардың мектепте оқитын балалары ыстық тамақпен қамтылмаған. Олқылық облыс орталығының 54 мектебінде анықталып отыр.

Дұрыс есеп жүргізілмеуі салдарынан 3 мың 600 оқушы тегін астан құр қалған. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұсынған тізім білім ұйымдарының берген мәліметімен сәйкес келмейтінін анықтаған прокурорлар дерекке терең талдау жасады.

Заңбұзушылыққа жол берген 2 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Қадағалау органдарының пәрменімен балалар мемлекет тарапынан кепілдендірілген тамақтану тізіміне енгізілді.

Нұркен Тұрғанбай, облыстық прокуратураның басқарма басшысы:

- Ыстық тамақпен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджеттен қосымша 244 млн теңге қаржы бөлінді. Жалпы балалардың мектептегі құқықтарын бақылау мәселесі облыстық прокуратураның қадағалуында.

Хабар 24 телеарнасы