379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Балалар құқығын қорғау бойынша кеңес мүшелері қарағандылық бүлдіршіндер жайын талқылады

  • 53
  • UPD: 19:33, 17.04.2019

Nur Otan партиясына қарасты республикалық балалар құқығын қорғау бойынша кеңестің мүшелері Қарағандыға ат басын тіреді. «Бақытты отбасы» жобасын жүзеге асыру барысында кеңес мүшелері ауыл-аймақты аралап, отбасы мен балаларға қатысты көкейкесті мәселелерді шешу жолдарын қарастырады.

Аталмыш жоба әлеуметтік көмекке зәру жанұялар мен жетім балаларға қамқорлық көрсетуге бағытталған. Бүгінде Қарағанды облысында 400 мыңға жуық бала бар. Қарағандыда өткен жиында 1-4 сынып оқушыларын міндетті түрде ыстық тамақпен қамту мәселесі де талқыланды. Сонымен қатар кеңес мүшелері аймақтағы балалар үйлерін аралап, мұндағы мәселелерге де назар аударды.

Рысты Жұмабекова, балалардың құқығын қорғау кеңесінің сарапшы-кеңесшісі:

- Негізінде біздің жоба «Бақытты отбасы» болғандықтан барлығымыз білеміз, отбасында жақсылық болса, ертеңгі болашағымыз да жақсы болады, ол болмаса болашаққа күмәнданамыз. Балалардың құқығын қорғау үшін меніңше әрбір отбасымен жұмыс жасау керек.

Қадиша Оспанова, Nur Otan партиясының ҚОФ төрағасының бірінші орынбасары:

- Бізде қор да, құлшыныс та бар. Қазір атқарушы билік пен мемлекеттік емес мекемелер осы бағытта белсенді жұмыс атқарып жатыр. Оның нәтижесін де көріп отырмыз. Бұл жұмыс одан әрі қарай жалғасын табады. Елбасының халықтың әл-ауқатын жақсарту туралы тапсырмасын міндетті түрде орындаймыз.

Хабар 24 телеарнасы