389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гүлшара Әбдіқалықова: Көп балалы отбасыларға барынша қолдау көрсетіледі

  • 416
  • UPD: 20:26, 17.04.2019

Қарағанды облысындағы кәсіпорындарда 23 мыңнан астам көп балалы жұмысшы еңбек етеді. Оның 15 мыңға жуығында баспана жоқ. Сондықтан бірінші кезекте солардың әлеуметтік жағдайын жақсарту керек. Өңірге жұмыс сапарымен барған премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова осылай деді.

Жезқазған қаласында бизнес-қауымдастықтың қатысуымен өткен жиында вице-премьер еңбек қауіпсіздігіне баса мән беріп, жалақының сақталуын тапсырды. Себебі қазір кенді өңірдегі түрлі мекемелердің жұмысшылар алдындағы берешегі 143 миллион теңгеге жеткен. Бұл күні Гүлшара Әбдіқалықова мысты шаһардағы бірқатар әлеуметтік нысан жұмысымен де танысты. 

Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

- Жаңа әлеуметтік қамқорлық бағдарламасы бойынша бұл жерде 1500 көп балалы ана бар, осы қаланың өзінде. Оның 300-і аз қамтылған отбасы болып табылады. Сол отбасыларына берілетін әлеуметтік көмектің дайындығын қарадық. Жалпы автоматтандырылған жүйе жұмыс істеп тұр бұл жерде. Сосын жақсы айтатыны, мынадай 14 мобильді автомобиль дайындалған. 

Хабар 24 телеарнасы