379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтандықтардың шағымына астаналық әкімдік жауап берді

  • 94
  • UPD: 22:12, 17.04.2019

Еліміздің астанасындағы Family Town көп қабатты тұрғын үй кешені әзірге орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылмайды. Алдағы 5 жылға арналған жоспарға бұл кешен енбеген. Бұл туралы қала әкімдігі үйді салған компанияға жер бөлген кезде алдын ала ескерткен. Ал жекеменшік құрылыс мекемесі тұрғындарға хабарлау керек болған.

Айта кетейік, кеше осы үйдің тұрғындары арнамызға хабарласып, келер айдан бастап жылу бағасының 30 процентке қымбаттағалы жатқанын айтып, шағымданған болатын. Себебі үй автономды жылыту жүйесіне қосылған. Бұған дейін кеткен шығынның біраз бөлігін үйді салушы компания өз есебінен қаржыландырып келген. Енді бас тартып отыр. Әкімдік болса, қазына қаржысын жекеменшік мекемеге беріп, субсидия бөле алмаймыз дейді.

Эльвира Жүргенбаева, қала әкімінің баспасөз хатшысы:

- Family Town тұрғын үй кешенін біз білеміз. О бастан, ол тұрғын үй кешеніне инженерлік инфрақұрылым өтпеген. Өйткені ол қаладан әрірек орналасқан тұрғын үй кешені. Екіншіден, ол жерге қаладан ешқандай инфрақұрылым жеткен жоқ. Бірақ болашақта қала сол төңірекке өсіп жатыр. Болашақта сол төңірекке инфрақұрылым барады. Инфрақұрылым инженерлік барғаннан кейін ол үйлер міндетті түрде қосылады.

 

Хабар 24 телеарнасы