384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық журналистер Этикалық хартияға қол қойды

  • 446
  • UPD: 23:33, 17.04.2019

Кезектен тыс президент сайлауына дайындық барысын ақпараттандыратын бұқаралық ақпарат құралдары арнайы Хартияға қол қойды.

Бас редакторлар клубына мүше 250 мемлекеттік және жекеменшік медиa өкілдері науқанды барынша әділ, ашық әрі үміткерлердің құқығына нұқсан келтірмей өткізуге уағдаласты.

Этикалық хартия Қазақстан Республикасының сайлау және БАҚ туралы заңдарына негізделе әзірленген. Сондай-ақ президенттікке үміткерлер мен олардың штабтарына қатысты тексерілмеген, негізсіз ақпарат таратылмауы тиіс.

Этикалық құжат журналистер мен сайлауға қатысы бар тараптар арасындағы байланысты реттеп, саяси науқан алдында кездесетін кедергілерді болдырмауға бағытталған.

Хабар 24 телеарнасы