377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда толассыз жауған жауын қозғалысты қиындатты

  • 89
Атырауда толассыз жауған жауын қозғалысты қиындатты

Атырауда кеше кешкісін басталған жаңбыр тәулік бойы толассыз жауып тұр. Салдарынан қаланың көшелерін су басып, көлік қозғалысы қиындады. Жеке секторлардағы үйлерге де қауіп төнді.

Бүгін таңғы 5-тен бері арнаулы мекеменің ондаған техникасы мен қызметкерлері көшелердегі суды сорғыту жұмыстарымен айналысып жатыр. Сондай-ақ қаладағы қауіпке байланысты арнайы штаб құрылды. Атырау қаласындағы іргелі компаниялар да жаңбыр суын құрғатуға жұмылдырылады.

Айдос Төреұлы, автобаза мекемесінің инженері:

 - Бүгіннің өзінде 2000 текше метр су сорылды. Таңертеңнен бастап балабақша, мектеп алдын, мына облыстық әкімдік пен орталық көшелерді соларды сорғытып жатырмыз. Жаңбыр толастамаған соң жасап жатқан жұмыс көрінбей жатыр. Өзіңіз көріп тұрсыз, қанша су лесхоздың ішінде соның бәрін шығарамыз.

Хабар 24 телеарнасы