379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматылық жастар «Құрметті қарауылда» кезекшілік етеді

  • 47
Алматылық жастар «Құрметті қарауылда» кезекшілік етеді

Алматыдағы 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағындағы Даңқ мемориалы мен Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлердің ескерткішіне «Құрметті қарауыл» қойылды.

Бұл міндетті қатардағы сарбаздар емес, қарапайым қала жастары атқарды. Осылайша олар Ұлы Отан соғысында шейіт болған боздақтардың рухына тағзым етпекші. Жастардан жасақталған «Құрметті қарауыл» Жеңіс күніне дейін кезекшілік етеді. Бұл іс-шара биыл 17-ші рет ұйымдастырылып отыр. Кезекшілік сағат 11:00-ден басталып түскі үшке дейін болады. Әр жарты сағат сайын құрметті қарауыл ауысып тұрады.

Мұрат Әбдішүкіров, Ауған соғысы ардагерлері үйлестіру кеңесінің төрағасы:

- Жастар бейбітшілік, достық деген қасиетті ұғымдарды санасына сіңіріп өссе екен дейміз. 10-15 жылдан соң осы балалар қызметке келеді. Сондықтан олардың бейбіт өмірі үшін күрескен аталарының басынан өткізген соғыс қасіретінің ауыртпалығын естен шығармауы тиіс. Және де Қазақстанның бейбітшілігі баянды болуы үшін еңбек етулері керек. Міне, біз осы мақсатта жұмыс істеп жүрміз.

Хабар 24 телеарнасы