389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Солтүстікқазақстандандық оқушылар танымал кітаптардың пішінімен торт пісіріп жарысты

  • 514
Солтүстікқазақстандандық оқушылар танымал кітаптардың пішінімен торт пісіріп жарысты

СҚО-да мектеп оқушылары танымал кітаптардың пішінімен торт пісіріп сыңға түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Петропавлдағы Назарбаев зияткерлік мектебінде алғаш рет «Тәтті кітап» атты байқау ұйымдастырылды. Шараға 75 адам қатысты. Оқушылар мен ата-аналар тәттілерін Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя», «Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа», Дулат Исабековтың «Әпке» сынды оқулықтары мұқабасына сәйкестендіріп безендірді. Айта кету қажет, байқау «100 кітап» жобасы шеңберінде өткізілді. Ал негізгі мақсат – жас ұрпақтың кітап оқып, білім алуға деген қызығушылықтарын арттыру.

Әлішер Бауыржанов, Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы:

– «Менің атым Қожа» кітабына байланысты торт жасап жатырмыз. Бұл кітап өте қызықты. Тортымызды мастикадан жасап жатырмыз. Біздің ойымызша өте дәмді болу керек. Кітап 1957 жылы жазылған.

Хабар 24 телеарнасы