378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында шегірткеге қарсы күрес жұмыстары басталады

  • 206
  • UPD: 18:14, 18.04.2019

Биыл Жамбыл облысында күн райының ерте жылынуына байланысты үйірлі шегірткелерге қарсы жұмыс 20 сәуірден басталады.

Зиянкестердің қанаты қатайып, егін мен жайылым жерді жалмап кетпес үшін қазынадан 230 миллион теңге бөлінді. Оған қажетті дәрі- дәрмек сатып алынып, техника да дайындалды. Өңірде 204 мың гектарға жуық жер залалсыздандырылып, химиялық өңдеуден өтеді деп жоспарланып отыр.

Әсел Қадырбаева, ҚР АШМ Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясының баспасөз хатшысы:

- Жамбыл облысы бойынша үйірлі шегіртке зиянкестерімен күресуге республикалық бюджеттен шамамен 230 миллион теңге қаражат бөлініп жатыр. Жалпы алғанда Жамбыл облысында 39 бірлік өңдеу техникалары жұмылдыру жоспарланды оның ішінде 5 ұшақ та бар.

Хабар 24 телеарнасы