389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында екі мыңнан астам мұғалімге тиісті үстемақы төленбеген

  • 530
  • UPD: 18:13, 18.04.2019

Жамбыл облысында да екі мыңнан астам мектеп мұғалімі мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытқаны үшін берілетін қосымша үстемақыларын алмай келген.

Олар, екі жылдан бері ақыл есі кем балалармен жұмыс істегеніне төленетін 68 миллион теңгеден қағылған. Бұл білім беру мекемелеріндегі қызметкерлердің еңбек құқықтарының сақталуы бойынша жүргізілген тексеріс барысында анықталды. Қазір заңға қайшы дерекке қатысты шара қолданылып, ұстаздар қосымша төлемдермен қамтамасыз етілді. 

Қайсар Бекмұратов, облыс прокурорының аға көмекшісі:

- Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мұғалімдерге көрсетілген еңбек жағдайы үшін жалақы көлемінен алғанда 40 пайыз қосымша төлемдер берілуі тиіс еді, алайда бұл екі жылдан бері істелінбеген. Ықпал ету шараларымен заңбұзушылықтар жойылып, білім беру жүйесінің 8 лауазымды тұлғасы түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Хабар 24 телеарнасы