389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда әлеуметтік жобалар конкурсы мәресіне жетті

  • 584
  • UPD: 19:13, 18.04.2019

15-рет ұйымдастырылып отырған дәстүрлі шарада қоғамдық маңызы бар әлеуметтік жобалар Тұңғыш президент – Елбасы қорының грантына ие болды.

Биыл жастар жылы болғандықтан, әлеуметтік жобалар қазақстандық жастарды дамытуға бағытталған. Сарапқа түскен 161 жобадан 50-і іріктелген. Оның ішінде 17-сі жеңімпаз деп танылды.  Нәтижесінде, енді елімізде қазақ тілін үйретуге арналған «Мәміле» пікірталас клубы, сыбайлас жемқорлықтың алдын алатын «Халықтық бақылау» қоғамдық қабылдауы ашылады. Сондай-ақ, ел астанасынан жастар арасында халқымыздың дәстүрі мен мәдениетін насихаттайтын «Өнерім – рухани қазынам!» атты керуен жолға шығады. Ал, мүмкіндігі шектеулі балалардың көру, иіс-дәм сезу, есту қабілетін кешенді дамытатын «Кішкентай» жобасы арқылы ата-аналар балаларын үйде жаттықтыра алады.  

Гүлмира Пармышева, «Кішкентай» әлеуметтік жобасының  негізін қалаушы:

- Осы жиынтықтармен үздіксіз айналысқанның арқасында олардың ата-аналарының, мамандардың алғыстарына ие болып отырмыз. Алда нарыққа сенсорлық жобаларымызды ұсынғымыз келіп отыр. Сенсорлық набордың ішінде бізде аромолото деген болады. Ішінде бір иіс болады. Апельсиннің иісі, жаңа пісірілген нанның иісі, жаңбырдың иісі деген сияқты, соны бала таңдап, суретте соны анықтап алу керек. Бұл да бір сенсорлық набордың ішіндегі иіс сезу қабілетін  дамытуға арналған құралдар.

Хабар 24 телеарнасы