379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Ақжол» партиясының кезектен тыс съезіне Жамбыл облысынан 8 делегат қатысады

  • 301
  • UPD: 20:11, 18.04.2019
«Ақжол» партиясының кезектен тыс съезіне Жамбыл облысынан 8 делегат қатысады

«Ақжол» партиясының кезектен тыс XV съезіне Жамбыл облысынан 8 делегат қатысады. Оның үшеуі саяси ұйымның белсенділері арасынан сайланды.

Оларға тек кеңес беру ұқығы беріледі. Шараға қоғам белсенділері, кәсіпкерлер, үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты. Айта кету керек, қазір өңірде 8 мыңнан астам партия мүшесі және 11 аудандық және қалалық ұйымы қызмет етеді.

Берік Дүйсембинов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Ақ жол партиясының 24-ші сәуір күні болатын құрылтай съезіне делегаттар сайланды. Сонымен қатар партияның ішінде  праймериз партия аралық президентікке үміткерлер шығады деген шешім қабылданды. Өйткені партияның ішінде демократиялық үрдістер партия лидерлерін дамыту, өсіру мәселесі бар. Сондықтан бұл біздің ұстанып отырған демократиялық негіздерімізге сәйкес келеді деп санаймыз.

Хабар 24 телеарнасы