378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да «браконьер аулау» басталды

  • 159
  • UPD: 20:52, 18.04.2019

Шығыс Қазақстан облысындағы құзырлы органдар өзен-көлдер мен су қоймаларын қадағалауды күшейтті.

Аймақта сәуірдің 16-нан бастап су маржандарының уылдырық шашу маусымы басталды. Сол үшін арнайы  авиажасақ құрылды. Алғашқы рейдте заңсыз балық аулап жүреген 20-дан астам топ анықталды. Олардан 1 тоннаға жуық балық пен құруға мүлдем тыйым салынған 5 шақырым ау тәркіленді.

Табиғат қорғаушылардың жұмысы әсіресе күз бен көктемде көбейеді. Қорық қызметкерлері жерден, ал  құзырлы органдар әуеден шолады. Биік тауларда қардың көбесі әлі сөгілмегенімен өзен-көлдер мен су қоймаларына балықты заңсыз аулайтындар қайықтарын түсіріп үлгерген. Тіпті кейбір аралдарға жол талғамайтын техникамен жетудің өзі қиын.

Талғат Рахымжанов, аумақтық орман және  аңшылық шаруашылығы инспекциясының бөлім басшысы:

- Тікұшақ пайдаланудың үлкен нәтижесі ол анау қазіргі кезде мұздың бұзылып қай жерде заң бұзушылықты алдын алуды өте үлкен роль атқарады.

Әуеден бақылаудың нәтижесінде алғашқы бір сағаттың өзінде Ертістен балық аулап жүрген бірнеше топ анықталды. Браконьерлерден 400-ден астам құрал-жабдық пен бірнеше тонна балық тәркіленді. 

Арман Болатов, облыстық полиция департаменті табиғат қорғау полициясының бөлім басшысы:

- Алғашқы күні-ақ браконьерлер қай жерде балық аулау керек екенін біледі. Рейд кезінде заңсыз балық аулауға қатысты  23 дерек тіркелді. Ұсталған азаматтардан синтетикалық ау мен құралдар тәркіленді.

 Жалпы  уылдырық шашу маусымы кезінде  облыстық полиция департаментінен 73 топ жасақталып, 220 көлік құралы дайындалды. Қазір олар күндіз-түні рейдке шығып жүр. Соңғы 3 айда  облыста  заңсыз балық аулағандарға 5 миллионға жуық теңгенің айыппұлы салынды.

Талғат Рахымжанов, аумақтық орман және  аңшылық шаруашылығы инспекциясының бөлім басшысы:

- Қазіргі уақытта бірінші 289 заң бұзушылық анықталды. 3 миллионнан артық теңгенің айыпппұлдары салынды. 400 ден аса заң бұзушылыққа пайдаланған аулау құралдары тәркіленді.

 Облыста  3,5 миллион гектар мемлекеттік  орман алқабы мен 885 өзен бар. Осыншама аумақ жыл он екі ай  әуе мен жерден бақыланады. Күз бен көктемде кей жылдары құзырлы орган қызметкерелері күшейтілген жұмыс кестесіне де  көшіріледі.

Авторлары: Олжас Керейхан, Аслан Төлепов

Хабар 24 телеарнасы