384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық мектеп формасының сапасы шетелдіктен кем түспейді

  • 661
  • UPD: 20:53, 18.04.2019

Қазақстанда жеңіл өнеркәсіп саласы алға баспай тұр. Тұтынушы таңдауы көбінесе шетелдік бұйымдарға түседі. Ал отандық өнімнің нарықтағы үлесі небәрі 7 пайызды құрайды.

Еліміз бойынша Жеңіл өнеркәсіп қауымдастығына 130 кәсіпорын кіреді екен. Олардың 15-і мектеп оқушыларына арналған киім үлгілерін тігеді. Айтуларынша, отандық өнімнің  сапасы мен сәні шетелдік тауарлардан кем түспейді. Бірақ тұрғындар тарапынан қызығушылық жоқ. Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп Қауымдастығы бүгін арнайы форум ұйымдастырып, мектеп формаларын шығаратын компаниялардың басын қосты. Солтүстік Қазақстан облысынан қатысып жатқан кәсіпорын 300 -ден астам білім ошағын мектеп  формасымен  қамтамасыз етеді. Бұл шамамен 50 мыңдай оқушы. Биылғы жылы  көрсеткішті арттыруды көздеп отыр. Алайда кәсіпорын ұлттық стандарттарға  сай келетін  киімдерге матаны басқа мемлекеттен сатып алуға мәжбүр. Ол тауардың өзіндік құнына әсер етеді. Шикізат қоры мол болғанымен елімізде өңдеу кәсіпорындары жоқтың қасы. Қазақстанда шығарылған мектеп формаларының құны 40 мың теңгеге дейін барады.

Хабар 24 телеарнасы